Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚуандық Бишімбаевтың отбасы балаларына алимент төлеуден бас тартты. Бұл туралы Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұрынғы күйеуінің туысының сынына жауап ретінде Назым әлеуметтік желіде видео жариялап, өзі жайлы тараған қауесеттерге тоқтау салғысы келетінін айтты. Оның айтуынша, соңғы кездері өзіне қатысты жалған ақпараттар көп таралып кеткен.
Назым Қахарман былтыр балаларының демалысына және психологқа төленбегенін айтып, бұған қатысты барлық түбіртектерді жинап, адвокат Ғазымжановқа жолдағанын мәлімдеді.
Былтыр балалардың демалысы да, психолог қызметі де төленген жоқ. Барлық түбіртектерді жолдадым. Бір жарым жылдың ішінде қомақты сома жиналды. Бірақ адвокатқа жібергеніме қарамастан, оны елемей қойды, дейді Назым.
Назымның айтуынша, тек демалыс пен психолог қызметі емес, тіпті дәрігерге қаралу мен дәрумен сатып алуға да ақша бөлінбеген. Сонымен қатар, 2020 жылы экс-күйеуі Бишімбаевпен ажырасу кезінде келісілген алиментті де үнемі еске салып отыруына тура келетінін айтады.
Маған үнемі еске салып отыруға тура келеді. Адвокат Баянға жаза беремін. Мысалы, бүгін – 28 наурыз. Осы күнге дейін наурыз айының алименті әлі түскен жоқ. Оларды тұрақты түрде аудара бастағандары тек өткен жылдың қараша-желтоқсан айларынан бастап қана, деді Назым.
Назымның бейнеүндеуінде экранда “30 наурызда Бишімбаевтар отбасының адвокаты маған хабарласып, алимент төлеуден толық бас тартқандарын айтты” деген жазба пайда болды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары