Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБишімбаев ісі бойынша жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Адвокат судьядан Қуандық Бишімбаевтың екінші әйелі Назым Қаһарманды куәгер ретінде шақыруды сұрады. Алқабилердің бірі Назым Қаһарманға сұрақ қойғысы келетінін айтқан. Бишімбаевпен бірге тұрған кезде қандай да бір зорлық көргеніне қатысты деректі анықтағысы келген.
Алайда судья Айжан Құлбаева Назым Қаһарманды куәгер етудің қажеті жоқ екенін айтып, сұранысын қанағаттандырмады.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың екінші әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуімен бірге тұрғанда қандай қиындықтарды бастан өткергенін жазған еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді