23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты ұстаған және алғаш тергеу жүргізген екі полицей жазаға тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қалалық полиция департаменті жүргізген қызметтік тергеу аяқталған.
«Құқық қорғау қызметі туралы» заңның 19, 56-57-баптарына, сондай-ақ қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін тәртіптік комиссияның шешіміне сәйкес, патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабының талаптарын бұзғаны үшін (ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) Астана полиция департаментінің Есіл аудандық полиция бөлімінің жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланды, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 27 наурыз бен 13 мамыр аралығында Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты ашық сот отырысы өтті. Жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған еді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік