Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКүйеуінің қолынан қаза болған Салтанаттың ағасы Қайрат Нүкенов Ертісбаев Live арнасына берген сұхбатында Бишімбаевтың өз қылмысын қалай жасырмақ болғаны туралы айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 9 қараша күні болған екен.
Қарындасым мейрамхананың vip-залынан шықпай қойған кезде болған сияқты. Менің пікірімше, ол уақытта қарындасым қайтыс болған. Сол күні түстен кейін Бишімбаев мейрамханаға бір қызды шақырған. Бізге мәлім дереккөздердің мәліметінше, ол қыз менің қарындасыма, Салтанатқа қатты ұқсайды. Қызды шақырып, мейрамхананың көршілес бөлмесінде бір жарым сағат ұстайды. Осы уақытта Бишімбаев қарындасымның барлық әшекей бұйымдарын шешіп алған. Оны ұстау кезінде Салтанаттың әшекейлері Бишімбаевтан табылды, - деді Қайрат Нүкенов.
Ағасының айтуынша, Бишімбаевтың інісі Салтанаттың сырт киімін және басқа да жаңа киімдер алып келген.
Біздің күдігіміз бойынша, Бишімбаев Салтанатқа ұқсайтын қызды шақырып, Салтанаттың киімдерін кигізіп, әшекейлерін тағып мейрамхана камераларында Салтанат мейрамханадан өзі шығып кеткен секілді көрсеткісі келген, – дейді ол.
Сонымен қатар, Нүкенов қайғылы оқиағадан кейін тараған Бишімбаевтар мен Нүкеновтардың отбасылары татуласты деген қауесетің жалған екенін айтты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?