Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБас прокуратура мен елорда прокуратурасының өкілдері Астана қаласының №96 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура мәліметінше, өткізілетін іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, оларда тұрақты өмірлік құндылықтар мен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Кездесу барысында оқушылар құқық бұзушылыққа байланысты нақты өмірлік жағдайларды талқылады. Сондай-ақ оларды қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ведомство бұл бағыттағы жұмыс жалғасатынын атап өтті.
Айта кетейік, елордалық оқушылармен кездесуге қатысқан прокурорлардың қатарында Бишімбаев ісі бойынша көпке танылған Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков те бар.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді