20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Назарова еліміздің бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне қатысты өз пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Қазақстанда кеңестік кезеңде уақыт белдеуі командалық-жоспарлы экономика мүддесі үшін табиғи сегіз рет өзгергенін атап өтті. Нәтижесінде, адамдар табиғи циклге сәйкес келмейтін уақыт белдеулерінде өмір сүрді.
Адамның өмірлік процестері уақытқа байланысты сағат, күн, апта, ай, маусым немесе жылдар бойы өзгереді. Бұл өзгерістер биоритмдер деп аталады. Циркадиялық ырғақтар – біздің денсаулығымыз, өнімділігіміз бен ұзақ өмір сүруіміздің негізі. Көптеген шетелдік зерттеулер биоритмдер ағзадағы гормондардың, ферменттер мен басқа белсенді заттардың деңгейін басқарады, сонымен қатар қан құрамы мен жалпы тепе-теңдікті сақтайды деп болжайды. Ұйқы мен сергектік, демалу мен белсенділікті, тамақтану мен зат алмасуды реттейтін биоритмдердің үйлесімді жұмысы адам денсаулығы үшін маңызды рөл атқарады. Бірыңғай уақыт белдеуі биологиялық сағатты синхрондап, ресми уақыт пен күн уақытын мүмкіндігінше жақындата отырып, өмірдің табиғи арғағына оралуға мүмкіндік берді, — деп есептейді Салтанат Назарова.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?