Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОсыған байланысты Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов тапшылықты жою бойынша бірқатар шара қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысы қазірдің өзінде біздің елімізде электр энергиясының тапшылығы барын және энергия көздерінің жетіспеуі алдағы уақытта ірі кәсіпорындар үшін үлкен проблемаға айналуы мүмкін екенін айтты.
Оқи отырыңыз:
Санкт-Петербургте өртенген Wildberries қоймасында Қазақстанның тауары бар ма?
Жылқы еті Жапонияға экспорттала ма
Еліміздің алты өңірінде газ станциясы салынады
Өйткені болжам бойынша Қазақстанда энергия тұтыну көлемі тұрақты өсе беретін болады. Сондықтан еліміздегі энергия балансын сақтау үшін батыс облыстардың газ қуаттарын тарту жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік және оңтүстік аймақтарда генерациялау көлемін ұлғайтуға басымдық берілді. Биыл Екібастұз ГРЭС-1-де бірінші энергия блогын қалпына келтіру жобасын аяқтау жоспарланып отыр. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңадан жылу электр орталықтарын салу мәселесі пысықталуда. Оңтүстік өңірлерде газ генерациялау жобалары іске асырылуда, – деді Әлихан Смайылов.
Аталған жұмыстар 2025-2026 жылдары аяқталмақ. Сонымен бірге 2035 жылға дейін Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне шамамен 26 ГВт базалық және маневрлік генерацияны іске қосу жоспарда бары айтылды.
Премьер-министр қабылданып жатқан шаралар электр энергиясының тапшылығын жоюға және 2030 жылға қарай оның резервін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?