10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Қазгидромет» РМК 26 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Жетісу облысының тау, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді