10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Қазгидромет» РМК 9 қарашада ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.
Атап айтқанда, түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Шымкент қаласында түнде тұман болжанады.
Түнде Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Қызылорда облысының солтүстігін тұман басады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с артады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болжанады.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с құрайды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді