Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматы облысында белгісіз адамдар кәмелет жасына толмаған баланы қорқытып, ақша бопсалаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға Балқаш ауданы Миялы ауылының 42 жастағы тұрғыны жүгінді. Әйелдің айтуынша, 2025 жылы 8 ақпанда сағат 15:00 шамасында Қызыл-Қайрат ауылында бірнеше адам оның кәмелетке толмаған ұлын күштеп Hyundai Elantra маркалы автокөлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Оның сөзіне қарағанда, қаскөйлер баланы ұрып-соғамыз деп қорқытып, 5 миллион теңге талап еткен.
Аталған факті бойынша бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдіктілердің жәбірленушіні интернетте жеке видеосын таратамын деп қорқытып, бопсалағаны анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді 500 000 теңгенің бір бөлігін алу кезінде қолға түсірді,-деп атап өтті полициядан.
Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер