7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Рас-әл-Хаймада отшашу бойынша 2 бірдей рекорд орнады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Әмірлікте жаңа жыл түні жағалауда ұйымдастырылған пиротехникалық шоу 4,5 шақырымды қамтыды. Бұл ең ұзақ қашықтық ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді. Шоу 8 минутқа cозылды. Онда мыңнан аса жарық диодты дрондар мен суға арналған отшашу секілді инновациялар қолданылды.
2023 жыл Рас-әл-Хайма әмірлігінің туризмі үшін табысты жыл болды. Біз зор жетсітікке қол жеткіздік. Соның арқасында 2030 жылы 3 миллионнан аса саяхатшыны қабылдау мақсатымызға бір қадам жақындай түстік, - дейді Рас-әл-Хайма әмірлігінің туризмді дамыту жөніндегі департаментінің басшысы Раки Филлипс.
Шараны тамашалау үшін 50 мың адам жиналған. Бұл жергілікті туризмнің дамуына серпін беріп отыр. Өйткені қонақ үйлерде бос орын болмаған. Айта кеткен жөн, Рас-әл-Хайма әмірлігі осымен бірнеше жыл қатарынан жаңажылдық отшашу бойынша рекордтар орнатып, туристік әлеуетін арттырып келеді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?