Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарағандылық кәсіпкердің 1 тонна кәмпитін қолды қылған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, полицияға Қарағанды қаласының кәсіпкері жүгінді, ол 1 тонна кәмпит үшін 1 млн теңге төлегенін айтып шағымданған. Шарт мерзімі бойынша тауар межелі жерге жетуі керек еді, алайда жеткізілмеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпкер жүк тасымалы туралы жалған хабарландыру жариялаған алаяқтардың арбауына түскені анықталды. Кәсіпкер оларға өзіне жүк жеткізу үшін жүгінген. Алаяқ кәсіпкердің сенімін пайдаланып, тауарды базадан алып, бірақ тағайындалған жерге жеткізбеген.
Қарағанды тұрғынының өтінішінен кейін біз тергеу жүргізе бастадық, оның барысында істің мән-жайын мұқият зерделеп, тауарды қоймадан алып кеткен автокөлікті анықтай алдық. Қостанайдың 22 жасар тұрғыны жүк тасымалы туралы жалған хабарландыру жариялап, тауарды алып, оны үшінші тұлғаға қайта сатпақ болғаны белгілі болды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190 – бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – дейді Қостанай қаласы басқармасы бастығының орынбасары Ербол Кәкенов.
Полиция кәсіпкерге 1 тонна кәмпиттің 800 келісін қайтарып берді. Ал 200 келісін алаяқ сатып үлгерген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?