7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ирландиялық файтер Конор Макгрегордың бес жылдық үзілістен кейін UFC-дегі көптен күткен оралуы сәтсіз аяқталды. UFC 329 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Макс Холлоуэйге қарсы шыққан бұрынғы чемпион кездесудің алғашқы раундында ауыр жарақат алып, техникалық нокаутпен жеңіліс тапты. Алайда қысқа ғана уақытқа созылған айқасқа қарамастан, Макгрегор кемінде 15 миллион АҚШ доллары көлемінде гонорар алғаны белгілі болды, деп жазады Еl.kz интернет порталы.
Американың Fansided және Sporting News басылымдарының мәліметінше, ресми сыйақы көлемі жарияланбағанымен, ирландиялық спортшының кепілдендірілген табысы 15 миллион доллардан кем емес. Ал кейбір дереккөздердің мәліметіне сәйкес, оның жалпы табысы бонустарды қоса есептегенде 32 миллион долларға дейін жетуі мүмкін.
Жекпе-жек алдында Макгрегордың менеджері Оди Аттар бұл кездесудің гонорарын «UFC тарихындағы ең ірі сыйақылардың бірі» деп атаған болатын.
Бұл – тарихи көлемдегі гонорар. Ол UFC-дегі кез келген спортшының, тіпті Zuffa Boxing жобасына қатысқан боксшылардың сыйақысынан бірнеше есе жоғары, – деген еді менеджер.
Айта кетейік, Zuffa Boxing ұйымында өнер көрсеткен британдық боксшы Конор Бенн сәуір айындағы жекпе-жегі үшін 15 миллион доллар алған болатын.
Жарақат жекпе-жекті ерте аяқтатты
Лас-Вегаста өткен кездесу басталған сәттен-ақ сәтсіз өрбіді. Макгрегор қарсыласына шабуыл жасау кезінде аяғын ыңғайсыз басып, тізесінен жарақат алды. Осыдан кейін ол бірнеше рет тепе-теңдігін жоғалтып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Төреші кездесуді тоқтатып, жеңісті техникалық нокаутпен Макс Холлоуэйге берді.
UFC президенті Дэйна Уайттың айтуынша, алдын ала болжам бойынша ирландиялық спортшы тізесінің алдыңғы айқас байламын (ACL) үзіп алған болуы мүмкін.
Мен кем дегенде алғашқы раундта нағыз тартысты айқас көреміз деп ойладым. Себебі Конор бес жылдан кейін октагонға қайта оралды. Бірақ оның жарақатын көрген сәтте-ақ алдыңғы айқас байламы үзілген болуы мүмкін деген ой келді. Кейін дәрігерлер де осы болжаммен келісті, – деді Уайт баспасөз мәслихатында.
Сәтсіз серия жалғасып келеді
37 жастағы Конор Макгрегор UFC тарихындағы ең танымал спортшылардың бірі саналады. Ол жеңіл және жартылай жеңіл салмақ дәрежелерінде чемпиондық белбеулерді иеленген алғашқы файтер ретінде тарихқа енген.
Дегенмен соңғы жылдары ирландиялықтың спорттық нәтижелері көңіл көншітпейді. Оның еншісінде аралас жекпе-жек өнеріндегі 22 жеңіс пен 7 жеңіліс бар. Соңғы бес жекпе-жегінің төртеуінде жеңіліс тапқан.
Бұған дейінгі кездесуі 2021 жылдың шілдесінде америкалық Дастин Порьеге қарсы өткен болатын. Сол айқаста Макгрегор аяғын сындырып, ұзақ уақытқа спорттан қол үзген еді. Енді бес жылдан кейінгі оралуы да ауыр жарақатпен аяқталып отыр.
Ал Макс Холлоуэй мерзімінен бұрын тіркелген жеңісінің арқасында жартылай орта салмақтағы рейтингтегі орнын нығайтып, UFC-дегі кезекті маңызды жеңісіне қол жеткізді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?