Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – күнделікті назар мен жауапкершілікті талап ететін маңызды міндет. Бұл бағытта полиция қызметінің әрбір саласы өз үлесін қосып, жүйелі жұмыстар атқаруда. Солардың бірі – кинология қызметі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгінде Абай облысында 21 қызметтік ит түрлі бағытта арнайы дайындықтан өткен. Есірткі заттарын анықтауға үйретілген қызметтік иттердің көмегімен 28 қылмыс ашылып, заңсыз әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік туды. Бұл көрсеткіш - кинолог мамандардың кәсіби біліктілігі мен қызметтік иттердің үздіксіз дайындығының нәтижесі.
Сонымен қатар жарылғыш заттарды іздеуге мамандандырылған қызметтік иттер қала және аудан орталықтарында орналасқан 376 мекемеде тексеру жұмыстарын жүргізді. Аталған шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тыныш әрі тұрақты қоғамдық ортаны сақтауға бағытталған.
Кинология қызметінің жұмысы – көп жағдайда көзге көріне бермейтін, алайда аса маңызды бағыттардың бірі. Қызметтік иттер мен кинологтардың өзара үйлесімді әрекеті, үздіксіз дайындық пен жауапкершілік қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тетігіне айналып отыр.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс