30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыӘлі жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазға қарсы титулдық жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған Хамза Ширазбен жекпе-жекке қатысты маңызды ақпараттың жақын күндері белгілі болатынын жазды.
Мені «Қорқыныш» деп атаған сайын, мен шынымен боксшылар үшін нағыз қорқынышқа айналып бара жатқан жоқпын ба деп ойлаймын. Бір-екі күннен кейін оның нағыз чемпион екенін немесе бұл атақты ғана иеленіп жүргенін білеміз. Өмір көрсетеді, — деп жазды қазақстандық боксшы.
Әлімханұлы жаңа салмақта чемпиондық атаққа таласады
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы суперорта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер атанғаны белгілі болған. Қазіргі таңда бұл дивизиондағы WBO титулы британиялық Хамза Ширазға тиесілі.
WBO шешіміне сәйкес, Әлімханұлы мен Шираз тараптарына жекпе-жекті ұйымдастыру үшін 20 күн ішінде келіссөз жүргізу қажет. Егер тараптар келісімге келе алмаса, ұйым жекпе-жектің тағдырын әрі қарай шешуі мүмкін.
Шираз Әлімханұлымен жұдырықтасудан бас тартуы мүмкін
Хамза Шираз WBO-ның Әлімханұлын міндетті қарсылас ретінде бекіту туралы шешіміне наразылығын білдірген. Британиялық боксшы ұйымның шешімінің артында жемқорлық болуы мүмкін екенін айтып, WBO әрекетін сынға алған.
Белгілі журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында Шираз бұл шешімді «әзіл» және «бокс үшін масқара» деп атаған. Оның айтуынша, WBO мельдонийге қатысты допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткен боксшыны міндетті үміткер ретінде бекітіп отыр.
Шираз сонымен қатар Әлімханұлымен міндетті жекпе-жек өткізгеннен гөрі, WBO белбеуінен бас тарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген.
Шираз бұған дейін де Әлімханұлымен жекпе-жек өткізбеген
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираздың жекпе-жегі туралы әңгіме бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.
2024 жылы екі боксшы баспасөз мәслихатында кездескен. Сол кезде Әлімханұлы әлеуметтік желіде Ширазбен және оның промоутері Фрэнк Уорренмен болған әңгімеден видео жариялаған.
Кадрларда қос боксшы қол алысып, Шираз Карлос Адамеспен кездесуден кейін Әлімханұлымен біріктіру жекпе-жегін өткізетінін айтқан. Алайда арада бірнеше минут өткен соң берген сұхбатында британиялық боксшы басқа қарсыласты таңдаған. Ол кезде Шираз Крис Юбенк кішімен жұдырықтасуды жөн көрген.
Енді WBO шешімінен кейін Әлімханұлы мен Шираз арасындағы жекпе-жек қайтадан күн тәртібіне шықты.
Қазақстандық боксшы үшін бұл кездесу жаңа салмақта әлем чемпионы атанудың маңызды мүмкіндігі болмақ. Ал Шираз үшін WBO белбеуін сақтап қалу немесе титулдан бас тарту мәселесі тұр. Жекпе-жектің нақты өтетіні туралы шешім алдағы бір-екі күнде белгілі болуы мүмкін.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды