Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты саналатын Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл сында Қазақстан мен Польша құрамалары кездеседі. Бүгін осы матчтың жеребесі тартылды.
ҚТФ мәліметінше, бәсекені дүниежүзілік рейтингте 45-орында тұрған Юлия Путинцева мен әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетт бастайды.
Бұл жұп 14 сәуір, жұма күні, Астана уақытымен сағат 13:30-да кортқа шығады.
Сонан соң Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 253-сатыдағы Вероника Фальковска өзара кім мықтыны анықтайды.
Сенбіге Елена Рыбакина – Магда Линетт, Юлия Путинцева – Вероника Фальковска және жұптық сындаға Анна Данилина/Гөзал Айнитдинова – Алисия Росольска/Вероника Фальковска кездесулері жоспарланған. Сенбі күнгі ойындар да 13:30-да басталады.
Жеңімпаз команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.
Айта кетейік, Мемлекет бүгін Елена Рыбакинаны қабылдады. Айтулы додаларда ел намысын асқақтатып жүрген теннисші Президентке сыйлық тарту етті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді