23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Air Astana скриншоттардағы әуе рейстерінің билеттері туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Атыраудан Алматыға әуе билеттерінің бағасы 1,2 млн теңгеге жеткені туралы скрин тараған. Air Astana әуекомпаниясы осы мәселеге қатысты пікір білдіріп, скриншоттардағы ақпарат қате деп отыр.
Аталған суреттерде Атыраудан Алматыға, Астанаға немесе Ақтауға ұшатын әуебилеттерінің құны көрсетілген, алайда ол жерде Ыстамбұл арқылы ұшатын бір немесе екі трансфері бар рейстер көрсетілген, ал сегменттердің бірінде бизнес-класс билеттері ұсынылған. Осылайша, мұндай скриншоттар жұртты жаңылыстыруда.
Ең жақсы бағаға кепілдік беру үшін жолаушылардан әуекомпанияның ресми сайтында немесе Air Astana қосымшасында эконом-класта тікелей рейстерді таңдауды сұраймыз, - делінген мәліметте.
Air Astana мәліметінше, әуе компаниясы ішкі бағыттардағы әуе билеттерінің құнын өсірмеген.
Мұның алдында Алматыдан Атырауға және кері бағытта қосымша рейс ашылғанын мәлімдегенбіз.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік