7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған концертін өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бибігүл Төлегенова тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де өзінің қайталанбас лирико-колоратуралық сопрано даусымен кеңінен танымал. Бұлбұл дауысы тұтас бір дәуірдің үніне айналған Бибігүл Төлегеноваға арналған кеште көрермендер аңызға айналған әншінің шығармашылығымен қайта қауышпақ.
Концертте Қазақконцерттің «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы, классикалық және эстрадалық өнер бөлімдерінің солистері, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі, «Гүлдер» ансамблі, «Astana Musical» мемлекеттік театры және арнайы шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Толқын Забирова, Жұпар Габдуллина өнер көрсетеді.
Кеш барысында көрермен ұлы әншінің бірегей шығармашылық жолына куә болады. Мерейтойлық кеш еліміздің өнер және қоғам қайраткерлері қатысатын маңызды мәдени шараның бірі емес, бірегейі болмақ. Ал кештің құрметті қонағы әрі басты кейіпкері — өнері көпке өнеге болған күллі қазақтың мақтанышы Бибігүл Төлегенова.
Концерттің ерекше форматы, жанды орындау, ескірмес естеліктер мен шабытқа толы музыкалық нөмірлердің үйлесімі қайталанбас әсер мен жылы атмосфера сыйлайды. Аталған кеш 15 желтоқсан сағат 18:00-де Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МАКҰ (Мәңгілік ел, 10/1) өтеді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?