18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?95 жасқа таяған әнші, Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегенова Ұлттық арнаға арнаға 5 жыл салып сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақтың бұлбұлы «Таңшолпан» таңғы бағдарламасындағы сұхбатында өмірі жайлы сыр шертті.
17-18 жаста Бибігүл Төлегенова өнер қуып, Алматыға барғысы келгенде анасы қарсылық танытқан екен.
Шынымды айтсам, ауылдың адамдары онша жақсы қарамайды. Қазір көңілдері кішкене жұмсай бастады. Олар мәдениет саласына кетіп, әртіс болған адамдар бұзылып кетеді деп ойлайды. Қорқатыны сол ғой. Менің анам да соны ойлаған болуы керек. Маған "Сен анда кеткеннен кейін бәрібір оқымайсың, күйеуге шығасың да, бала туып, үйде отырасың", деді. "Өнер сенен кетеді", деді. Бірақ, менің соншама құштарлығым болды. Өмірімнің барлық киындығын өз әнімнің арқасында жеңдім. Әнімнің арқасында көтерілдім, сүйікті болдым, жігіттер де ғашық болды. Егер әнші болмасам бәлкім, қазіргідей керемет әже болып отырмас едім.
Анасының балаларына қараған сәтін есіне алды.
Жағдай өте қиын болғаннан кейін, 2 баламды қайда апарарымды білмегеннен кейін анама хабарласты. Анам бір сөз айтпастан келіп, 2 баланы алды да кетті. Анамнан бастап біздің отбасында бәрі де өнерлі болды. Әкем скрипкада жақсы ойнаған.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр