20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБИ-2 музыкалық тобының Семейдегі концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Бұл кештің өту-өтпеуі де біраз талқыға түскен. Бастапқыда әкімдік әлеуметтік желіде концерт өтпейтіні туралы ақпарат таратып, сонан соң оны өшіріп тастады.
Кеше «Абай-арена» стадионында топ өздерінің хит әндерін орындады. Ал кеш басталар алдында концерттен түскен ақшаның бәрін өрттен зардап шеккендерге беретіндігін растады.
Семей, көп рахмет! Біз қайғылы жағдайдан құрбан болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз және концерттен түскен қаржыны зардап шеккендерге аудардық. Бұл концертті өткізуді мақсат тұттық, себебі қаржылай көмектен бөлек, концерт уақыты ауысудан қажыған тыңдармандарымызды қуантқымыз келді. Табыс табу деген мақсат болған жоқ, барлық тарапқа гуманистік көзқарас пен құрмет қана. Рахмет! – деп жазды Instagram топтың солисі Лёва (Егор Бортник).
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?