30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБейжің қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева мен ҚХР Даму және реформа жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары Лю Сушэнің тең төрағалығымен индустрияландыру және инвестициялар саласындағы Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай үйлестіру комитетінің 20-шы мерейтойлық отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырыс барысында екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды, сондай-ақ индустрияландыру және инвестициялар саласындағы Қазақстан-Қытай жобаларының жаңартылған тізбесі бекітілді. Қазақстан-Қытай жобаларының жаңартылған тізбесі жалпы сомасы 14,5 млрд долларын құрды.
Туындаған мәселелерді табысты шешуге және жобаларды іске асыруға жәрдемдесу жөнінде пікір алмасылды. Қатысушылар «жасыл» энергетика, қаржы, логистика және өңіраралық өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниет білдірді.
Тең төрағалар әртүрлі салаларда жалпы сомасы 2,3 млрд долларын құрайтын 7 бірлескен инвестициялық жобаны аяқтау жоспарларын растады.
Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру туралы уағдаластыққа ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянның 2014 ж. желтоқсандағы Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілді, кейіннен 2015 ж. тамызда үкіметаралық келісім жасалды.
2015 ж. ҚР СІМ және ҚХР Даму және реформа жөніндегі мемлекеттік комитет басшыларының орынбасарлары басқаратын Үйлестіру комитеті құрылды. Осы Үйлестіру комитетінің 20 отырысы өтті.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды