Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?
Олар Бейжің Олимпиадасының түндігі түрілген сәтте тарихи образбен көрінді. Сақ патшайымы Томирис пен қазақ батырының кейпінде елімізді таныстырды.
Команданың туын алып шыққан спортшылар киген киімде қазақтың ұлттық ою-өрнегі «қошқар мүйіз» бейнеленген. Өрнекті дизайнерлер Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайымен бірлесіп дайындапты.
Ал дизайнер-модельер Виолетта Иванова Бейжің Олимпиадасында ту ұстаушылардың формасын дайындағаны белгілі болды. Оған дейін аталған дизайнер Жапониядағы жазғы ойындарда да ту ұстаушылардың киімін тіккен еді.
Ту ұстаушылардың костюмі өз елінің дәстүрі мен мәдениетін паш етуі тиіс. Сондықтан біздің мақсатымыз да осы болды. Қазақ халқының еркін рухын ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бай тарихынан артық ештеңе бейнелей алмайтыны анық. Қазақтың батырлары мен Томирис патшайымы туралы аңыздарды біз де, барша әлем де біледі. Костюмді дайындау кезінде осы бір қызықты оқиғаларды басты назарға алдым, - дейді дизайнер.
Форма үш ай бойы дайындалған. Оған 20-дан астам шебер жұмылдырылып, 2 конструктор, 4 тігінші, суретші мен 8 кестеші атсалысқан. Киімдегі кестелер алтын, күміс жіптер және моншақтармен көмкеріліп, қолдан тігіліпті.
baq.kz
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?