Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМәскеудегі Шереметьево әуежайында 31 жастағы ер адам екі жасар балаға шабуыл жасап, ауыр жарақаттады. Қазір бала комада жатыр, ал күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
SHOT агенттігінің мәліметінше, оқиға кеше кешке болған. 31 жастағы Владимир В. есімді азамат Кабулдан (Ауғанстан) Мәскеуге ұшып келген. Багажын күтіп тұрған сәтте ол қасындағы екі жасар баланы көтеріп алып, бар күшімен жерге лақтырып жіберген. Бала бірден есінен танып қалды.
Кейін дәрігерлер балада жабық бас-ми жарақаты, омыртқа мен бас сүйегі сынғанын анықтады. Қазіргі уақытта бүлдіршін ауыр жағдайда, ес-түссіз күйде жатыр. Күдікті ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол есірткі қолданған.
Ресей Тергеу комитеті аталған факті бойынша "Кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталу" бабымен қылмыстық іс қозғады. Қазір істі Мәскеу облыстық тергеу комитеті қарап жатыр. Күдіктіге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
Жантүршігерлік шабуыл бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер