Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘлемнің 302-ракеткасы қазақстандық Бейбіт Жұқаев Шанхай (Қытай) мастерс турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, бұл 22 жастағы Бейбіт Жұқаевтың өз спорт жолындағы алғашқы мастерс жарысы.
Іріктеу сайысынан кейін негізгі жарысқа өткен Бейбіт бірінші айналымда әлемнің 252-ракеткасы италиялық Стефано Наполитаномен кортқа шықты. Қазақстандық теннисші 7:5, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Бейбіт Жұқаев үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы ресейлік Карен Хачановпен кездеседі.
Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған, дүниежүзілік рейтингте 245-орында Михаил Кукушкин бастапқы кездесуін әлемнің 81-ракеткасы франциялық Александр Мюллермен сәтті өткізді.
Бірінші партияда тай-брейкте франциялық спортшы 7:6 (8:6) есебімен басым түсті. Дегенмен содан кейін Кукушкин ойын тізгінін өз қолына ала білді – 6:3, 6:2.
Михаил Кукушкин екінші айналымда әлемнің 33-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванспен шеберлік байқасады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді