Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы"Бетпердедегі жігіт" деген атпен танымал қайырымдылық жасаушы жан өртеніп, әкесінен, үш әпке-қарындасынан және інісінен айырылған 16 жастағы Станиславқа көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде үй толығымен отқа оранып, шатыр мен төбе құлаған.
Төрт күн бұрын өрт кезінде менің отбасым бүтіндей көз жұмды: әкем, әпкем, інім және екі қарындасым. Өрт кезінде мен қалада жатақханада болғанмын. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз, бірақ сымдардың тұйықталуы болуы мүмкін, түтінге тұншыққан деген болжам бар. Әкем 40 жаста, үлкен әпкем 18 жаста, тағы бір қарындасым 13 жаста, інім 10 жаста және ең кенжеміз жеті жаста еді, – дейді жас жігіт.
Станиславтың айтуынша, жеті жыл бұрын анасы дүниеден озғанын айтады. Ал өзінің көру қабілетіне қатысты денсаулығында кінарат бар екен.
Бауырларымды қалаға оқуға апаруды армандаушы едім. Енді қайдан, жоқ қой олар. Мен қазір жалғыздыққа қатты сезінемін, бұдан әрі не істеу керектігін де білмеймін, - дейді шарасыз жетім бала.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді