Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘлеуметтік желіде қайырымды ісімен танылған "маскадағы жігіт" жалғызбасты анаға баспана сыйлады. Айжарқын такси жүргізіп, бала-шағасын асырап жүрген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бір күні балаларымен бірге ауыр жол апатына ұшырап, үлкен қызы қатты жарақат алған.
Жалға алған көлікпен такси болып, ақша тауып жүрген жерімнен жол апатына түстім. Соққы болған сәтте терезеден ұшып кеттім. Арамызда үлкен қызым қатты зардап шекті. Қолы, аяғы сынып, басы жарылды, – дейді ол.
Бала-шағасымен бірге таксиде жүруінің себебі де бар.
2024 жылдың сәуір айында көршім мас күйде үлкен қызымды зорлай жаздады. Содан кейін қыздарымды біреуге қалдырудан қорқамын. Арманым – өзімнің азық-түлік сататын дүкенімді ашу. Төрт күн болды намаз оқығаныма. Әсіресе, кеше кешке түсініксіз бір сезімде болдым, – деп ағынан жарылды жалғызбасты ана.
Бетперде киген беймәлім жігіт бұл отбасыға қолдау көрсетіп, балаларының емделуіне, дүкен ашуға қажет қаражат ұсынды. Ең бастысы, тағдырдың ауыр сынағына түскен отбасыға баспана тарту етті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?