Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбе облысында төбелестен кейін көз жұмған 14 жастағы оқушының анасы көмек сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлының денесін жер қойнына тапсырған ана жанайқайын жеткізді.
2 қыркүйекте баламды үйден сыныптастары алып кетті. Сағат 23.00 шамасында ұлымның құлап жатқаны туралы хабаралып, оқиға орнына әкесі екеуміз бардық. Сөйтсек балам бақилық болып кеткен. 9 сынып ұлдарын 10-11 сынып балалары шақырып ұрған. Бәрі ұрып шыққан. Боксшы бала екі соққы бергенде құлаған. Күре тамыры үзіліп, басы ісіп кеткен. Қазір екі баланы ғана қамады. Нағашы ағасы полицияда істейтін бұл бала ұрса да күдіктілер қатарынан қалай шығып қалады? Бұл таныстары бар отбасы. Бізге әділдік керек. Барлық бала жазасын алсын, - деді марқұмның анасы Амангүл Раушанова.
Бұған дейін де ұлы меткепте буллингке ұшыраған.
Бұған дейін де осы баланы мектеп практиканты мойнынан қылғындырып, өлтіре жаздаған еді. Тарих пәні мұғалімі сабағын практикантқа тастап кеткен. Болған жайды бізге тіпті хабарлаған жоқ. Баламды өлтірген баланы тамыр-таныс арқылы шығарып жібереді де, әлсіз екі баланы қамап тастайды. Мен оқу ағарту министрінен, бас прокурордан, президенттен көмек сұраймын. Кәнілілер жазасын алсын,- дейді анасы.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында оқушы басқа оқушының өлтіргенін хабарлаған едік.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді