20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДәрігерлер Бестеректе болған жол-көлік апатынан зардап шеккен екі баланың жағдайын «қанағаттанарлық» деп бағалады. Санавиация арқылы Астанаға жеткізілген балалар ауруханадан шығарылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.
Қажетті емдеу-диагностикалық шаралардың барлығы жүргізілді. Жалпы жағдайлары қалыпты, тәбеті жақсы, белсенді. 2025 жылғы 4 қыркүйекте ауруханадан шығарылады, – делінген басқарма хабарламасында.
Семейдегі ауруханаға жатқызылған қыз баланың жағдайы әлі де өте ауыр. Науқас комада. Дегенмен ведомство барлық қажетті емдеу және диагностикалық шаралардың жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Еске салайық, 19 тамыз күні Бестерек ауылында Toyota көлігінің жүргізушісі үй қақпасының жанында, жолдан небәрі 10 метр қашықтықта тұрған балалар тобын қағып кеткен.
Оқиға салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Үш бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Қайтыс болған балалардың жасы 2 мен 7 жас аралығында болса, жарақат алғандары 6-дан 9 жасқа дейінгі балалар екені хабарланды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?