Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркияның «Бешикташ» командасы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновпен ресми түрде келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркия футбол федерациясының ресми сайтында Зайнутдиновтің клубпен келісімшарты биылғы жылдың 18 тамызынан басталғаны көрсетілген. Оның аяқталу мерзімі - 2027 жылдың 30 маусымы.
Зайнутдиновті Ыстамбұл командасына 4,5 миллион еуроға сатып алды. Отандасымыз бұған дейін Мәскеудің ЦСКА клубында ойнаған. 2020 жылдың тамызынан бері 83 ойынға қатысып, 7 гол соққан. Сонымен қатар 8 нәтижелі пасы бар. ЦСКА сапында Ресей кубогында топ жарған.
Оған дейін тағы бір ресейлік «Ростов» сапында ойнаған. Ал елімізде «Тараз» және «Астана» командаларында доп тепті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді