1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіОслодағы Қазақстан Елшілігінде Берген университетінің профессоры Гру Мандт ханымға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медаль табыс етілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2000-2006 жылдары Гру Мандт ЮНЕСКО мен Норвегияның Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған норвегиялық мамандар тобының құрамында Алматы облысындағы Таңбалы петроглифтерін консервациялау, презентациялау және басқару жобасына қатысқан. Нәтижесінде 2004 жылы Тамғалы петроглифтерінің кешені ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енді.
Медальді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Елші Әділ Тұрсынов табыс етті. Марапатты Гру Мандтың ұлы - Тарье Мандт Ларсен мен ғалымның немерелері қабылдады. Іс-шараға Норвегияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Оле Йохан Бьерной және «Таңбалы» жобасының норвегиялық жетекшісі, археолог Анна-София Хиген қатысты.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?