10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстанда биік таулы жердегі өрт аумағы толығымен оқшауланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін сағат 11.00-де Қатанқарағай ауданының Берел орманшылығы аумағындағы өрт шамамен 7 гектар аумақта оқшауланғаны мәлім болды. Оның алдыгда аталған аумақтағы жекелеген ағаштар мен шөп жабыны отқа оранған болатын.
Өрт 18 шілде күні жетуі қиын таулы, жартасты жерде басталып, өртті сөндіру жұмыстары қиындық тудырған болатын. Жалынмен арпалыс кезінде өртті сөндіруге қатысушыларға оттың таралуына жол бермеу үшін тау-тасты аралап, жалынды басып, бар күш-жігерімен биікке көтерілуге тура келген еді.
Өртті ауыздықтауға орманшылар, орт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардан 155 адам мен 13 бірлік техника, Қорғаныс министрлігінің, ШҚО авиабөлімшесі мен Қазавиаорманқорғаудың 3 тікұшағы жұмылдырылғаны қосымша хабарланды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді