Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБелгілі журналист, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері Айгүл Аханбайқызының өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Айгүл Аханбайқызы өз өмірін ұлттық журналистиканы дамытуға арнады. Ақпарат кеңістігінде айқын із қалдырған қаламгер студенттік шағынан бастап-ақ баспасөз саласында еңбек етіп, республикалық жетекші басылымдарда қалам тербеді. «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Халық сөзі», «Егемен Қазақстан» секілді газеттерде жауапты қызметтер атқарып, өзінің кәсібилігімен, ұлт руханиятына жанашырлығымен ерекшеленді.
Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Өмірден озғанына қарамастан, Айгүл Аханбайқызының жарқын бейнесі, қаламгерлік қолтаңбасы әріптестерінің, оқырмандарының және барша қазақ журналистикасы қауымының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.
Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын,-делінген көңіл айту хатында.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді