Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБелгілі өлкетанушы, журналист - Ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов дүниеден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, Балтабек Ерсәлімов - 86 жасында өмірден өтті.
Балтабек Ерсәлімов - 1938 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстан республикасының журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері», «Тыңға 50 жыл»медальдарының, «Құрмет» орденың иегері.
Филолог Балтабек Ерсәлімов, белгілі ақын шығармаларын насихаттау ісіне белсене араласып келген. Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттап, Семейдегі Абай қорынның ашылуына ықпал тигізгендердің бірі. 1992 жылы «Абай» журналының қайта шыға бастауына айтарлықтай үлес қосты. 1993 жылы баспадан жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» деген жинақтың жауапты шығарушысы.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өлкетанушы Балтабек Ерсәлімовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар