Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы“Алатауға асылып жыладық, Қаратауды құшақтап, ашынып жыладық” деп жазған өлеңіңізді кім ұмытсын! Иманыңыз саламат болсын, Темаға, - деп жазды Бағашар Тұрсынбайұлы.
Ақын 1945 жылы алтыншы наурызда Түркістан облысының Амангелді ауылында дүниеге келген. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері оның есімі көпшілікке белгілі.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтының филология факультетін аяқтаған соң 1968-2002 жылдары радио мен телеарнада, әр түрлі газет-журналда, шығармашылық ұйымдарда қызмет атқарған. Қазақстан Жазушылар Одағында екінші хатшы, 2003 жылдан “Ақиқат” журналының бас редакторы қызметін атқарған.
«Жанымның жапырақтары», «Сапар алдында», «Алыс шақырымдар», «Мәртебе», «Әуедегі толқындар», «Дауыс», «Көгершін қауырсындары», «Аңқа кептірген аңызақ», «Сырым бар саған айтатын», «Тағдырлы жылдар жырлары», «Көк түріктер сарыны» жыр жинақтары мен «Менің Абайым», «Баба дәстүрдің мұрагері кім?», «Сегіз қырлы сексен сырлы әлем бұл» атты кітаптары жарық көрген.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді