Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқтауда ақын Маржан Ершудің жеке шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі
Жыр кешінде ҚР мәдениет саласының үздігі Назым Шаймарданова, Республикалық конкурстардың лауреаты Азамат Ізниев, Әсет Әлиев, Ақмарал Қадырбаева өнер көрсетті. Сондай-ақ, шараға арнайы ҚР Жазушылар одағының бірінші төрағасы Нұржан Қуантайұлы, Ы. Алтынсарин институтының директоры, академик Маржан Ғалымжанова қатысып, белгілі ақынға қатысты жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Қазақта ақынды ерекше қадірлеген. Оның әрбір сөзін қасиетті де қастерлі ұғым санап, әр сөзіне келісіммен қараған. Ақындық өнер - адамның ішіндегі тұнып тұрған талантты ашатын тылсым ғажайып күш іспеттес. Солардың асыл мұрасы Маржан Ержу- ақындық өнер әкесінен дарыған қазақтың ақмаржаны. Бүгінгі Ақтау қаласындағы кешіңіз құтты болсын! Қаламаңыз ұштала берсін! - деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
Маржан Ершу - IV халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері. Қазақстан Жазушылар одағының және Түркиядағы Еуразия жазушылар одағының мүшесі. Оннан астам жыр жинақтарының және «Дина», «Исатай-Махамбет» атты драмаларының авторы. Түрік, татар ақын-жазушыларының шығармаларын қазақшаға аударған аудармашы.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары