Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстанның халық жазушысы, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай дүниеден өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Жазушылар одағының төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
Бүгін таңнан суық хабар жетті. Таңғы сағат төрт шамасында 85 жасына қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, аса көрнекті ұлт ақыны, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай ағамыз дүниеден өтті. Ұлы ақынның Қаскелеңдегі қара шаңырағында, бала-шағасының алдында ауыр науқастан қайтқаны жайлы хабарды маған ағамыздың ұлы Нұрлан Исраилұлы бауырым хабарлады, — деп жазды Қасымхан Бегімханов.
Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған, көрнекті лирик ақын Исраил Сапарбайдың артында сұлу сазды әндері, өлеңдері және пьесалары қалды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар