28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарWorld Boxing Әлем кубогында жеңімпаз атанған маңғыстаулық боксшы Бекзат Нұрдәулетовке құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Чемпионды құттықтау шарасында спортшыға халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғаған жерлесімізге облыс әкімінің атынан алғыс айтылған.
Өңірде жастарға, әсіресе спорт саласындағы талантты өрендерге үнемі қолдау көрсетіп келеді. Бүгін де өңір басшысының атынан жерлесіміз, Бекзат бауырымызды арнайы құттықтап келіп отырмыз. Жалпы, Маңғыстау тарихында шаршы алаңда ел абыройын асқақтатқан талай мықты спортшылар мен білікті бапкерлеріміз жетерлік. Бекзат бауырымыз да сол саңлақтардың лайықты ізбасары. Қазақ боксы бүгінде әлемдік аренада өзіндік орны бар спорт түріне айналды. Жеңіс ешқашан оңайлықпен келмейді. Оған жету үшін маңдай терді төгіп, уақытты сарп етіп, осы жолда еңбек ету керек. Болашақта үлкен жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін. Олимпиада төрінде топ жарып, еліміздің атын тағы да асқақтата беріңіздер, - деді Әбілқайыр Байпақов.
Шарада жарыс жеңімпазының осы жетістігіне үлкен үлес қосқан бапкері Жолдасов Абу да қаржылай сыйақымен марапатталды.
Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов 30 маусым мен 6 шілде аралығында елордада өткен Әлем кубогының кезеңдік турнирінде үш бірдей қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, топ жарған болатын. Ширек финалда Ұлыбритания өкілі Лачлан Лаусоннан, жартылай финалда түркиялық Самет Ерсойдан 5:0 есебімен басым түсті. Финалда үндістандық Жугно Жугномен өткен шешуші жекпе-жекте де төрешілер бірауыздан жеңісті қазақ боксшысына берді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?