20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүкіл әлемде экологиялық жағынан таза отын ретінде табиғи газды тұтыну деңгейі тұрақты өсіп келеді. Жаһандық энергетика нарықтарында орын алған тұрақсыздық жағдайында декарбонизациялауға бет алған елдердің өзі газды негізгі әрі резервтік генерация көзі болып қала береді.
Олжас Бектенов елімізде газ күнделікті отын түрі ғана емес, ол азаматтардың тұрмыс сапасына, сондай-ақ экономика мен өңірлердің дамуына тікелей әсер ететін әлеуметтік маңызы зор ресурс екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы газ саласын дамытудың басымдығын бірнеше рет атап өтіп, халықты газбен тұрақты қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа кен орындарын барлау жұмыстарын кеңейту бағытында тапсырмалар берді.
Біздің еліміздің «көгілдір отын» бойынша әлеуеті зор. Елімізде табиғи газ қорының расталған көлемі шамамен 4 трлн текше метрді құрайды. Алайда, оны игеру үшін жүйелі тәсілдер мен жаңа инвестициялар, заманауи инфрақұрылым және ұзақ мерзімді стратегия қажет, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?