20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министр Олжас Бектенов Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министрге ұрлыққа қарсы іс-қимыл, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жасөспірімдер қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы баяндалды.
Олжас Бектенов 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының маңызын атап өтті.
Еліміздің президенті мемлекет пен қоғамның жұмыс істеуінің іргелі қағидаттарының бірі ретінде «Заң мен тәртіпті» анықтады.
Бұл оның мемлекет басшысы ретіндегі саясатының негізгі постулаттарының бірі. Барлық мемлекеттік органдардың және, ең алдымен, құқық қорғау құрылымдарының президенттің бұл көзқарасын сөзсіз іске асыруды қамтамасыз ету міндеті.
Барлық мүдделі мемлекеттік органдар оны сапалы орындау жөнінде жан-жақты шаралар қабылдауы қажет. Біздің мақсатымыз – құқық бұзушылықтың алдын алудың тұтас жүйесін құру. Тұжырымдаманы іске асыру барысында үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерді белсенді тарту қажет. Азаматтардың қауіпсіздік деңгейі біздің бірлескен жұмысымыздың тиімділігіне байланысты, – деп атап өтті премьер-министр.
Әзірленген Ұрлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы олардың санын 29%-ға төмендетуге және қылмыстың ашылуын 54,4%-ға дейін жақсартуға мүмкіндік берді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша бейінді бөлімшелер құрылды. Енді отбасылық жанжалдарға шақырылған кезде жәбірленушілер туралы сауалнама толтырылады, 1 мың қасақана зәбір көрсетуші анықталып, оларға психокоррекциялық жұмыс жүргізілуде. Өз кезегінде, есепке алынғандарға қатысты электронды бақылау құралдарын қолдану қылмыстың қайталану қаупін 13%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?