Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбе облысының әкімдігі мүгедектігі бар жандарға арналған оңалту орталығы құрылысын аяқтау үшін жұмыс қарқынын күшейтуі қажет. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бектенов бұдан бөлек те бірқатар тапсырма берді:
Былтыр Абай, Жамбыл және Түркістан облыстарында оңалту орталықтары ашылды. Мұндай орталықтарды Ақмола, Атырау, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында салу жоспарланып отыр. Олардың барлығы мерзімінде аяқталуы тиіс;
Денсаулық сақтау және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері медициналық-әлеуметтік сараптама сапасын одан әрі арттыру мақсатында ақпараттық жүйелерді толық интеграциялауы қажет;
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі - мердігерлік ұйымдар жауапкершілігі мен құрылыс сапасын арттыру, инклюзивті орта құру жөніндегі нормалардың сақталуын бақылауды күшейту үшін қолданыстағы стандарттарды қайта қарауы тиіс;
Денсаулық сақтау министрлігі мүгедектіктің алдын алу, сырқатты ерте диагностикалау және ерте ем көрсету жұмыстарын сапалы тұрғыда жақсартсын;
Оқу-ағарту және Ғылым және жоғары білім министрліктері мүгедектігі бар балалармен жұмыс істейтін педагогтер даярлауды түбегейлі жақсарту қажет;
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленетін инклюзивті саясат жөніндегі тұжырымдама жобасын Үкіметке 15 қарашаға дейін енгізсін.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді