20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖұмыс сапарымен Абай облысына барған премьер-министр Олжас Бектенов бұрынғы Семей полигонының аумағын тікұшақпен аралап көрген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр бұрынғы Семей полигоны аумағын тікұшақпен аралау кезінде «Балапан» сынақ алаңы нысандарын, оның ішінде «Атом көлі» мен шахталық іске қосу қондырғыларын қарап шықты. Сондай-ақ ол әлемдегі алғашқы токамак «Байкал-1» ядролық зерттеу реакторының жұмысымен танысты. Ұлттық ядролық орталықта болып, энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Бұдан бөлек Бектенов Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған, атап айтқанда, тұрғын үй қорын қалпына келтіру, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және басқа да қабылданып жатқан шаралармен танысты.
Мемлекет басшысы алдымызға энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөнінде маңызды міндет қойды. Қазақстан – әлемдік нарықтағы 43% үлесімен уран экспорты бойынша көшбасшы мемлекет. Бізде зерттеу реакторларын пайдалану тәжірибесі бар және мықты ғылыми әлеует қалыптасқан. Толық ядролық отын цикліне көшу экономиканың барлық саласында ілгерілеуді қамтамасыз етеді, - деп атап өтті Олжас Бектенов.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?