Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады"Интер Майами" иесі Дэвид Бекхэм аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің американдық клубқа ресми ауысуы туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Он жыл бұрын мен Майамиде жаңа команда құру жолымды енді бастаған кезде, мен осы таңғажайып қалаға әлемдегі ең ұлы ойыншыларды әкелуді армандайтынымды айттым. Олар АҚШ-тағы футболды дамытуға көмектеседі деп санайтынмын. Бүгін бұл арман орындалды. Мен Лео сияқты ойыншының біздің клубқа қосылғанын мақтан тұтамын, сонымен бірге біздің "Интер Майами" қауымдастығына қосылған досымды, керемет жанды және оның отбасын қарсы алғаныма қуаныштымын, - дейді Бекхэм.
Американдық клуб трансферді ресми түрде растады. Месси бұл клубқа еркін агент ретінде ауысты. Ол АҚШ командасында 10 нөмірімен өнер көрсетеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары