Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсСемейде Қазақстанның халық әртісі, әнші, ұстаз, профессор Бекен Жылысбаев атындағы республикалық вокалшылар байқауы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байқауға еліміздің әр өңірінен 19 әнші қатысты.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар Бекен Жылысбаевтың репертуарындағы шығармаларды орындады.
Қазылар алқасының құрамында Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Танагүл Бекназарова, ҚР Мәдениет қайраткері Нұрлан Көшеров болды.
Байқау нәтижесінде 3 орынды Қызылорда қаласынан Әнуарбек Нұрсұлтан, Түркістан қаласынан Алпысбаева Аружан және Семей қаласынан Ерланова Мадина иеленді. Көкшетаулық Ринат Нұрмұхат пен семейлік Ақнұр Кабитова 2-орынды жеңіп алды. 1-орын алматылық Бекзат Әбітов пен астаналық Әйгерім Аманжоловаға бұйырды.
Вокал сайысында алматылық Мақсат Саматов Гран-при иегері атанды. Республикалық байқаудың дипломанттары павлодарлық Аманбол Сейілхан, алматылық Аружан Тоқтаған, астаналық Динара Таубекова болды.
Сондай-ақ, Бекен Жылысбаевтың концерттік орындаушысы Гүлфия Әбдірова «Үздік концертмейстер» арнайы марапатына ие болды.
Айта кетсек, байқауға әншінің ұрпақтары Ардақ, Аида Бекенқызы мен немерелері қатысты.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды