Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңесЦифрлық даму министрлігі байланыс операторларымен талқылау нәтижесінде байланыс қызметтерінің қолданыстағы тарифтерін 2024 жылдың соңына дейін сақтап қалу туралы келісімге келгенін хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Министрліктің бұл бастамасы азаматтар мен бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған, себебі байланыс құнының тұрақтылығы цифрлық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі болып табылады. Байланыс операторлары мемлекет бастамасына қолдау көрсетіп, экономикалық қиындықтарға қарамастан, қолданыстағы тарифтерді сақтап қалуға дайын екендіктерін білдірді.
Байланыс – күнделікті өмірдің, жұмыстың және оқудың негізі. Байланыс қызметтерінің тарифтерін тұрақты деңгейде сақтау – азаматтардың мүдделерін қорғауға және әлеуметтік маңызды бастамаларды қолдауға деген ұстанымымыздың айқын дәлелі, – деп атап өтті министрлікте.
Министрлік міндеттемелердің орындалуын қадағалауды жалғастырып, елдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылдайды.
Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді