22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды4-7 маусым аралығында Түркістан қаласындағы халықаралық есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден U18 бен U23 жас санатында және параканоэден VI Азия чемпионаты өтеді. Турнирде барлығы 58 спортшы өнер көрсетеді.
Ескек есу спорты түрлерінен Ұлттық федерацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша Қазақстан командасының тізімі мынадай:
U23 құрамы:
Байдарка – Дінмұхамед Шынқожаев, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Михаил Затолокка, Дмитрий Ладюков, Эдуард Ярлыков, Глеб Ударцев, Анатолий Русаков, Евгений Русаков, Стелла Суханова;
Каноэ – Сұлтан Шарапиев, Полат Төребеков, Владислав Руденко, Юрий Горобов, Татьяна Гладкова, Валентина Трапезникова, Елизавета Масякина, Мария Бровкова, Мария Карманова, Ульяна Киселева, Руфина Искакова;
U18 құрамы:
Байдарка – Нұртілек Иман, Тимофей Таранов, Давид Бушланов, Никон Дергунов, Мадияр Каникен, Алексей Ширман, Даниил Коляда, Эвелина Костенко, Злата Прядка, Зоя Прядка, Алина Емельяненко, Анастасия Прибыткова, Кира Кальтенбергер:
Каноэ – Аслан Сәдуақас, София Гизенка, Ульяна Иванова, Ксения Сломинская, Милана Абдубаева, Дәулет Шалдар, Артур Миллер, Савелий Лыжин, Әділбек Исроилов, Богдан Носиков, Руслан Федотов.
Параканоэ:
Бейбарыс Спатай, Жалғас Тайкенов, Жаңыл Балтабаева, Максим Богатырев, Марсель Құлбарақов, Марсель Гумаров, Мейіржан Армия, Дінмұхамет Әлиакпаров, Ербол Хамитов, Маржан Билялова, Ербол Байырбеков, Руфик Тынчаров.
Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі 3 маусым сағат 20:00-де басталады. Мәртебелі қонақтар арасында байдарка мен каноэден Азия қауымдастығының (ACC) президенті Прашант Кушваха, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстағы спорт басқармаларының басшылары қатысады деп жоспарланған.
Биыл наурызда Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Ербол Хамитов бүгін арнайы классификациядан өтсе, ары қарай лицензиялық чемпионатына қатыса алады. Жарыс қарсаңында отандасымыз енді жазғы олимпия ойындрына қатар қатысып, жүлде жеңіп алуды көздейтінін атап өтті.
Жарыс барысында байдарка мен каноэден U18 жас санатында 22 дисциплинада, U23-те 25 дисциплинада, ал параканоэден 20 бағдарламада жүлде сарапқа салынады.
Бүгінде чемпионаттың барлық ұйымдастыру жұмысы аяқталды. Кеше байдарка мен каноэден Азия қауымдастығы (ACC) өкілдерінің инспекциясы сәтті өтті. Олар бірқатар ұсыныстар жасады. Қазір қатысатын командалардың бәрі дерлік Түркістанға жетіп, жаттығып жатыр. Барлығы еліміздің намысын 58 спортшымыз қорғайды. Олардың ішінде ересектер арасында жарысқа шығып жүрген Стелла Суханова, Мария Бровкова сынды тәжірибелі спортшыларымыз бар,– деді ескек есу спорты түрлерінен ҚР-ның Мемлекеттік жаттықтырушысы Дәулет Сұлтанбеков.
Айта кетерлігі, Қазақстан спорттың осы түрінен Азия чемпионатын алғаш рет қабылдайды. Бүгінде 17 мемлекеттен 350-ден астам ескек есу шебері қатысатынын растады.
Жарыс Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып жатыр. Азия чемпионатын өткізу – алдағы уақытта байдарка мен каноэде ескек есу спортының бұқаралық сипат алуына, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі имиджін нығайтуға септігін тигізеді.
Еске сала кетейік, былтыр U18 және U23 Азия чемпионаты жазда Таиландтың Паттайя қаласында 16 елдің қатысуымен өткен. Қазақстан командасы барлығы 12 алтын, 12 күміс пен 7 қола медаль жеңіп алған. Атап айтқанда, 23 жасқа дейінгі санатта Стелла Суханова байдаркада есуден 4 дүркін чемпион атанса, Сұлтан Шарапиев (U18) 3 мәрте алтыннан алқа тақты.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев