Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАлматы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізов жиналыс кезінде баяндама оқып, кейбір сөзге тілі келмей боқтап жіберген. Депутатты полиция департаментіне шақырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тимур Елеусізовке боқауыз сөз айтқаны “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша айыппұл салынған. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында мәлімдеді.
Бүгін таңертең мен полиция бөліміне келдім, түсініктеме жаздым. Олар мені Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша жауапкершілікке тартты. Жіберген қателігіміз үшін толық жауапкершілік алуымыз керек, - деді депутат Instagram-парақшасындағы видеода.
Алматы мәслихаты Елеусізовтің балағат сөз айтуына қатысты оқиғаға қатысты пікір білдіріп, оған сөгіс берілгенін жеткізген.
Алматы қалалық мәслихатында бірден барлық депутаттардың қатысуымен әңгіме өтіп, оның барысында Тимур Елеусізовке депутаттық этиканы қатаң сақтау қажеттігі айтылып, әріптестері тарапынан сөгіс берілді, – делінген пікірде.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс