Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда ерекше қайырымдылық оқиғасы болды. Танымал продюсер Баян Алагөзованың күйеуі, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов басшылық ететін компания өз қызметкерлеріне үлкен сый жасады. Компанияның 100 қызметкеріне Алматы қаласынан жаңа пәтердің кілттері табысталды.
Тұрсынғали Алагөзовтің айтуынша, бұл шешім – қызметкерлердің көпжылдық қызметі мен компанияға деген адалдығы үшін алғыс. Кәсіпкер бұл бастаманы біраз уақыттан бері ойлап жүргенін атап өтті. Бүгін 100 адамның басын қосып, оларға сүйінші жаңалықты жеткізді.
Продюсер Баян Алагөзова осы қуанышты сәтті Instagram парақшасында көрсетті.
Бүгін пәтер алған барлық қызметкерлер үшін қуаныштымын. Әсіресе, күйеуімнің жомарт және мейірімді болмысы үшін өте қуаныштымын. Ол әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, компаниясында жұмыс істейтін қызметкерлерді ойлайды. Президентіміз бизнес өклідерінің әлеуметтік жауапкершілігі жайлы жиі айтады. Сондықтан басқа кәсіпкерлерді де осындай жауапкершілікті сезінуге шақырамын, - деді Баян Алагөзова.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?