Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТанымал отандық продюсер, актриса әрі бизнесвумен Баян Алагөзова 10 мамыр күні әлеуметтік желідегі оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алагөзова Instagram парақшасында американдық танымал рэпер Снуп Дог қазақстандық КешYOU тобымен бірлескен бейнебаян түсіргенін мәлімдеді.
Негізі бәрін жасыра тұрып, кейіннен жарияға жары салып хабарлағымыз келген, бірақ Снуп Дог біз үшін жариялап қойыпты! Снупи, аңызсың ғой! Құрметті оқырмандарым, Снупқа жүрекшелер жіберуіңізді өтінемін. Әлем біздің КешYOU қыздарын тануы тиіс, олар шынымен де керемет, – деп жазды Баян Алагөзова.
Қазақстандық продюсер рэпермен түскен суретін жариялады. Суретте Снуп Догтың қазақ шапанын киіп алғанын көруге болады. Алагөзова бұл отандық дизайнер Аида Кауменованың жұмысы екенін алға тартты.
Аидочка, қымбатты менің құрбым, Снупке сенің шапаның мен бас киімің қатты ұнады, ол біздің алдағы уақытта шығатын видеоға соларды киіп түсті, - деді продюсер.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді