Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕр адам 39 жастағы әйел мен оның бес жастағы қызын өлтіріп, денесін жасырғанын мойындады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Олар 20 қаңтардан бастап, байланысқа шықпаған. Таныстарының мәліметінше, әйел Қазақстандағы мүлкін сатып, Новосібір қаласына ірі ақшамен аттанған. Жаңа көлік сатып алған соң, байланысқа шығуын тоқтатқан.
Жедел іздестіру нәтижесінде, 31 жастағы ММА спортшысы Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұсталды.
Ол әйелді бауыздап, қызды тұншықтырып өлтіріп, денесін жасырып кеткенін мойындады. Күдікті әйелге көлік алуға көмектесіп, басы-қасында жүрген. Оңтайлы сәтті пайдаланып, ақшасын иемдену үшін қылмыс жасағаны белгілі болған. Тергеу жалғасып жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді