Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыІшкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусиннің түнгі уақытта тергеу изоляторында экс-министр Қуандық Бишімбаевпен кездескеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы факті бойынша қазір Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің қауіпсіздік департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Оның нәтижесін айтамыз, - деді Лепеха Мәжіліс кулуарында.
ІІМ вице-министрі тексеру жүргізіліп, бейнекамералар қаралатынын айтты.
Егер факті анықталса, онда қорытынды шығарамыз, - деп қысқа жауап берді ол.
Айта кетейік, әйелін аса қатегездікпен өлтірді деп айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов тергеу изоляторына Бауыржан Мусин бірнеше рет келгенін айтқан еді. Сөзінше, ол Бишімбаевпен кездескен және Байжановты Нүкенованың туыстарына қарсы үгіттеген.
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусин 2018 жылы пара алған деген айыппен 7 жылға сотталған еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді